2023 жылы шетелдік мамандарды тарту бойынша есебі

Жамбыл облысына Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2023 жылға барлығы 542 шетел мамандарына квота белгіленген,  1 санат бойынша – 15 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 100 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 400 адамға (мамандар), 5 санат бойынша – 27 адамға (маусымдық жұмыстарға).

2023 жылы Жамбыл облысы бойынша 30 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 748 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 657, Түркиядан – 56,  Өзбекстаннан – 7, Украинадан – 6, Франциядан  – 4, Индонезиядан – 3, Грекиядан – 2, Үндістаннан – 3, Корея Республикасынан – 1, АҚШ-нан – 2,  Ираннан – 1, Филиппиннан – 1, Ирактан – 1, Шри-Ланкадан – 1, Йемен – 1, Мавритания – 1, Сингапур - 1 ), оның ішінде  1-санат бойынша – 6 адам, 2-санат бойынша – 54 адам, 3-санат бойынша – 196 адам, маусымдық жұмысшылар – 8 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 484 адам. 

Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 7896 адамды құрайды.

Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метрология бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.

Өткен жыл қортыныдысымен жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 167,9 млн. теңге салық төленді.

Дата публикации
09 февраля 2024