Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ақпарат (06.11.2023 ж.)

Бүгінгі таңда облыста 45 601 мүгедектігі бар адамдар есепте тұр (оның ішінде 1 топ – 4361, 2 топ – 16794, 3 топ – 17622, ​​он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 6824).

11215 мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдарымен (сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдарымен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық және компенсаторлық құралдарымен және санаторийлік-курорттық емдеумен) қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы республикалық бюджеттен  1,7 млрд. теңге бюджет және облыстық бюджеттен 1,7 млрд.теңге бөлінді.

Бүгінгі күні Әлеуметтік қызметтер порталында мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасының орындалуы 93,0%-ды (жылдық жоспар – 90%) құрады. Порталда 24719 өтініш тіркеліп, оның 22 967 өтініші қанағаттандырылды. Бұл республика бойынша 1-ші көрсеткіш (республикалық көрсеткіші - 84,7%).

Облыста 18 медициналық-әлеуметтік мекеме 1504 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді (төсек саны - 1518). Сондай-ақ, стационар жағдайындағы 7 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында1083 қарттар мен мүгедектерге  (орын саны – 1127), жартылай стационарлық жағдайдағы 9 мүгедектігі бар адамдарды оңалту және бейімдеу орталықтарында жыл басынан бері 277 мүгедектігі бар адамдарға (орын саны – 349) және 2 тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы 210 адамға (орын саны – 42) қызметтер көрсетті.

Соңғы жылдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында осы қызметтерді көрсететін мекемелер желісін дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, биыл Тараз қаласында «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығы мен 150 орындық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көпсалалы әлеуметтік оңалту орталығы ашылды (нысанның сметалық құны 5,5 млрд. теңгені құрады).

Сонымен қатар, «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығы» және «Белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін ашу жоспарлануда.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша ақпарат (06.11.2023 ж.)
Дата публикации
01 декабря 2023