2023 жылдың 1-қарашасына атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат

2023 жылы атаулы әлеуметтік көмекпен   58 340  адамды  қамту жоспарланып, оларға  барлығы  4,5 млрд.теңге қаржы қарастырылған.

Ағымдағы жылдың 1-қарашасына атаулы әлеуметтік көмек 7764 отбасындағы 41209 адамға 3,3 млрд. теңгеге тағайындалып, 7450 отбасындағы 39539 адамға 3,0 млрд. теңгесі төленді.

АӘК алушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 1210 (-13,5%) отбасына немесе – 5766 (-12,3%) адамға азайды.

Барлығы 5962 отбасымен (33990 адам) әлеуметтік келісім-шарт жасалынған. Жыл басынан жалпы еңбекке қабілетті 10236 адамның жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 2162 адам тартылып отыр (оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 1524 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 411 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына  126, жастар практикасына 25 адам, қайта даярлау 35 адам, кәсіпкерлік бастамаларды ілгерілетуге 41 адам). 

Еңбекке қабілетті атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың  жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы 78,9 % құрап отыр (облыстық көрсеткіш -81,0%).

2023 жылдың 1 қарашасына атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 12312 балаға қосымша 404,6 млн.теңге төленді.  

2023 жылдың 1-қарашасына атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпарат
Дата публикации
30 ноября 2023