Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың ІІІ-тоқсанының қорытынды есебі

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
  2. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильдік қосымшасы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы көрсетіледі.

2023 жылдың 1 қазанына барлығы 1365 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

- «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» - 827;

- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» - 538.

       Осы кезеңге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің фактісі тіркелмеген.

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың ІІІ-тоқсанының қорытынды есебі
Дата публикации
28 ноября 2023