Әкімшілік бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.