Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5%-дан жеңілдетілген микрокредит беру
(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес)
Жеңілдетілген микрокредит беру шарттары:
1. Микрокредит алуға үміткерлер: - жастар (21 ден 35 жасқа дейін);
2. Шарттары:
1) микрокредит мерзімі - 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 (жеті) жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы - 5 (бес) миллион теңгеге дейін;
3) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 (екі жарым) пайыздан аспайды;
4) кепілмен қамтамасыз етудің болуы;
5) негізгі борыш пен сыйақыны өтеу жөніндегі жеңілдікті кезең микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайтын мерзімін құрайды;
6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында тіркеудің болуы.
3. Микрокредит алу критерийі:
Бизнес-жобаларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия үздік бизнес идеяларды және/немесе инвестициялық-жобаларды іріктеуді жүзеге асырады.Бизнес-жобаларды іріктеу критерийі өзектілігі, аргументтілігі, экономикалық негізділігі, қоғамдық маңызы, бұрын орындалған жұмыстардың болуы, іс-қимыл жоспары және бизнес-жобаның өміршеңдігі болып табылады.
4. Микрокредит алу үшін құжаттар тізбесі:
1) микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес микрокредит алуға сауалнама – өтініш;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) кредиттік тарих субъектісінің ол туралы ақпаратты кредиттік бюроға беруге, сондай-ақ кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге келісімі;
4) субъектінің мемлекеттік (оның ішінде құқық қорғау)/мемлекеттік емес органдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына берілген микрокредит туралы ақпаратты, мәліметтерді және кредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуы /орындалмауы туралы барлық мәліметтерді беруге және алуға келісімі;
5) бизнес-жоспар;
6) қарыз алушының уәкілетті органының микрокредит алу, мүлікті кепілге беру жөніндегі мәмілені мақұлдау туралы шешімі;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және микрокредит беру ұйымының/МҚҰ/КС/сенім білдірілген өкілдің (агенттің)ішкі құжаттарына сәйкес ресімделген мүлікті кепілге беру жөніндегі кепіл берушілердің келісімі;
8) қызмет көрсететін банктен шоттың бар екендігі туралы анықтама;
9) несиелік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттер болған кезде);
10) қарыз алушының жалақысын және/немесе өзге де кірістерін растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорының үзінді көшірмесі);
11) бағалау туралы есеп;
12) кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.