2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің анықтамасы

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
  2. «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық түрде көрсетіледі.
  3. «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

         Ағымдағы жылдың 1 қазанына барлығы  1119 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

  • «Қандас мәртебесін беру» - 865;
  • «Қандас мәртебесін ұзарту» - 136;
  • «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру

және (немесе) ұзарту» - 118.     

       Осы кезеңге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің фактісі тіркелмеген.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы облыстық «AQ JOL» газетінде (14.07.2022 ж. №86 (19195))  «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету туралы және облыстық «Арай» газетінде (16.07.2022 ж. №28 (924)) «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсету туралы мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы А.Алимбекова «Jambyl» телеарнасының «Айтарым бар» арнайы радио бағдарламасында «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметі туралы сұхбат берді.

2022 жылдың ІІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілген қызметтерінің талдау анықтамасы
Дата публикации
10 октября 2022