Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 3 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі.
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
- «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық түрде көрсетіледі.
- «Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне барлығы 652 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
- «Қандас мәртебесін беру» - 474;
- «Қандас мәртебесін ұзарту» - 91;
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
және (немесе) ұзарту» - 87.
Осы кезеңге мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағым түспеген. Мерзімдері бұзылып көрсетілген қызметтердің фактісі тіркелмеген.