Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 2022 жылға барлығы 1055 шетел мамандарына квота белгіленген, 1 санат бойынша – 25 адамға (бірінші басшылар және олардың орынбасарлары), 2 санат бойынша – 209 адамға (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), 3 санат бойынша – 773 адамға (мамандар), 4 санат бойынша – 48 адамға (білікті жұмысшылар).
2022 жылдың 1 шілдесіне Жамбыл облысы бойынша 37 жұмыс берушіде берілген рұқсаттарға сәйкес 367 шетел азаматтары жұмыс атқаруда (Қытайдан – 329, Түркиядан – 8, Өзбекстаннан – 8, Таиландтан – 5, Франциядан – 4, Украинадан – 4, Италиядан – 2, Корея Республикасынан – 1, Германиядан – 1, АҚШ-нан – 1, Әзірбайжаннан – 1, Сингапурдан – 1, Бельгиядан – 1, Тәжікстаннан – 1), оның ішінде 1-санат бойынша – 7 адам, 2-санат бойынша – 45 адам, 3-санат бойынша – 314 адам, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде – 1 адам.
Шетел жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерде жұмыс атқарып жатқан қазақстандықтардың саны 8068 адамды құрайды.
Облыс аумағына шетел мамандары ішкі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тартылуда. Олардың негізгілері: сапа жөніндегі инженер, инженер-энергетик, инженер-электроник, жабдықтарды жинақтау жөніндегі инженер, жөндеу және сынақтан өткізу жөніндегі инженер, инженер-жобалаушы, метролгия бойынша инженер, электржабдықтарын жөндеу және бақылау жөніндегі электромонтер және т.б. мамандықтар.
Жыл басынан бері жұмыс берушілермен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес барлығы 120,9 млн. теңге салық төленді.