Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен 2 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
- «Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет түрі Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық түрде көрсетіледі.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне барлығы 356 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- «Қандас мәртебесін беру» -255;
- «Қандас мәртебесін ұзарту» - 68;
- «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту»- 33.