Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі-Басқарма ) 2 мемлекетк қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде: 1 қызмет - Мемлекеттік корпорация арқылы, 1 қызмет – электрондық үкімет порталы арқылы
2020 жылдың 12 айында Басқарма 782 қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту -616 (мемлекеттік корпорация арқылы),
Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай - ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыруға рұқсат беру және (немесе) ұзарту-166 (электрондық үкімет порталы арқылы).
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметті алушыларға құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе толтыруға сәйкес келмеу себебінен дәлелді бас тартулар болған жоқ.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шағымдар мен мерзімдердің бұзылуы фактілер тіркелген жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында 2020 жылдың 12 айында 1600 адамды қамтумен 6 іс-шара өткізілді (оның ішінде: БАҚ-та жарияланымдар, семинар-кеңестер, бейнероликтер).