Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімі (одан әрі — Бөлім) облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің, облыс Әкімдігінің қаулыларын, басқарма бұйрықтарын, Басқарма ережесін, осы ережені, белгіленген тәртіпте бекітілген жұмыс жоспарларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.