Әкімшілік және талдау бөлімінің ережесі

Әкімшілік бөлімі Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымдық бөлімі (ары қарай - Бөлім) болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Облыстық басқармадағы іс-қағаздарының тиісті нұсқаулық талаптарына сай жүргізілуін қадағалап, түрлі бұқаралық ұйымдастыру шараларын іске асыру, мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалау, басқарманың персоналды басқарудағы тұтас жүйесін қалыптастыру.

 

Дата публикации