
"Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет түрі
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. "Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру" мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына сәйкес, www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:
Жұмыс берушi не олардың өкілі «Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесі арқылы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тиісті құжаттарды қоса отырып өтініш береді.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:
- рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту туралы шешімді жұмыс берушінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылдайды;
- рұқсатты беру туралы шешім қабылдаған жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанындағы хабарламаны жібереді.
Жұмыс беруші хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға рұқсатты бергені үшін алымды енгізгенін растайтын құжаттарды ұсынады.
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы: рұқсат беру үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электрондық құжат нысанындағы рұқсатты қалыптастырады және жұмыс берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
"Қандас мәртебесін беру не/немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет түрі
Құжаттарды қараудың және қандас мәртебесін берудің жалпы мерзімі 35 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қандас мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ өтінішті "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильдік қосымша арқылы немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы береді.
Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті құжаттар:
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе және мәртебе алу үшін:
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
Мәртебені ұзарту үшін:
Өтініш беруші 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Қандас куәлігінің телнұсқасын және қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді беру:
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.