Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау бойынша

Бүгінгі күнге облыс көлемінде 45 601 мүгедектігі бар адам тіркелген   (о.і. 1-ші топтағы – 4361 адам, 2-ші топ - 16794, 3-ші топ - 17622 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны – 6824 адам). Яғни, облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,7%-ын құрайды.

Бұл санаттағы азаматтарымыздың тыныс-тіршілігінің шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Бұған қоса, мүгедектігі бар адамдарды арнайы оңалту құралдарымен қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.

Арнайы оңалту құралдарымен және  арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстары бүгінгі таңда автоматтандырылған түрде «Әлеуметтік қызметтер порталы ақпараттық жүйесі» арқылы жүргізеге асуда.

Үстіміздегі жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кресло-арбалар) бюджеттен 3,4 млрд.теңге қаржы бөлінген (РБ – 1,7 млрд.тг., ОБ – 1,7 млрд.тг.).

Өткен жылы 1,9 млрд.теңге қарастырылған болатын.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызметтерге (жеке көмекші қызметі,  ымдау тілі маманы, үйде көмек және гигиеналық құралдар бойынша) 2,1 млрд.теңге бөлінді (2022 ж- 1,5 млрд.теңге).

10 айда әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 93%-ды құрап отыр (өңірлер арасында 1-орын, орташа көрсеткіш – 84,7%). Яғни, порталға тіркелген 24 719 өтініштің, 22 967-сі қанағаттандырылды.

Өткен жылы басқармаға қарасты 12 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1 291 адамға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

Атап айтсақ, 3 стационар жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 755 мүгедектігі бар адамға, 9 жартылай стационар жағдайында мүгедектігі бар адамдарды және балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында 536 азаматқа қызметтер ұсынылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да өз деңгейінде жалғастыруда, қазіргі кезеңде 1 578 адам қызмет алды.

Мемлекетіміздің қолдауының нәтижесінде соңғы жылдары арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын жақсарту мақсатында қызметтерді ұсынатын мекемелердің желісін дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылы Сарысу ауданында сыйымдылығы                       25 орындық мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылса, Тараз қаласында 150 орындық оңалту және бейімдеу орталығының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді (сметалық құны - 5,5 млрд.тг.).

Өздеріңіз білетіндей ағымдағы жылдың 6 қазанында орталықтың ашылу салтанаты өтті. Бүгінге онда 110 азамат қызмет алуда. Ерекшелігі - барлық жаңа технологиялар енгізілген, заманауй талаптарға сай түрлі жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бассейн, арнайы ванналар, спорт зал, мәдени іс-шаралар өтетін акт залы бар.

Онда еңбек терапиясының көптеген түрлері қарастырылған. Мысалы; тігу, тоқу, дәнді дақылдармен сурет салу, ағашпен ұсталық жұмыстар жасау, өзіне -өзі қызмет жасау бөлмелерімен жабдықталған.

Сондай-ақ, кеше ғана «Белсенді ұзақ өмір орталығы» ашылып, өз жұмысын бастады. Орталық егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ  адамдарға және зейнеткерлік жастағы адамдардың физикалық және психикалық денсаулығын ұзарту мақсатынада, оларды белсенді мәдени, шығармашылық, спорттық және іскерлік өмірге әлеуметтендіруді жүзеге асыру арқылы қызметтер көрсетеді.

Сонымен қатар, 1 желтоқсанда Тараз қаласында 110 балаға арналған «Аутизмі бар балаларды қолдау орталығын» ашуды жоспарлап отырмыз.

Ғимарат толық жөндеуден өтті, «Қамқорлық» қорының қолдауымен қажетті жабдықтармен толық жабдықталып отыр.

Бұл орталық аутизмі және басқа да психикалық бұзылыстары бар балаларға әлеуметтік проблемаларды шешуге жағдай жасайтын және олардың басқа азаматтармен тең дәрежеде қоғам өміріне қатысуына мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешенін ұсынатын болады.

Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұйымдастыруымен 14 бөлімше және 1 бөлімшеден тыс қызметі тарапынан үйде қызмет көрсету жағдайында 711 мүгедектігі бар (о.і. ересектер – 202, балалар – 509) азаматқа және балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.

 Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау бағытында  үкіметтік емес ұйымдардың да атқарып отырған жұмыстары ерекше.

 Олар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында қызметтерін ұйымдастыруда. Бүгінге мүгедектігі бар азаматтар мен балаларды оңалту және бейімдеу мақсатында 11 күндіз болу жағдайында орталықтары ашылып, 320 ересектер мен балаларға және 16 үйде қызмет көрсету бөлімшелерінде                   438 азаматқа арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда.

Мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасау бағытында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен бекітілген «Жол картасының» 84-тармағына сәйкес жыл соңына дейін стандарттарға сәйкес келетін бейімделген объектілердің үлесі 60%-ды құрауы тиіс болатын.

Осыған байланысты 2021-2025 жылдары 1295 нысанды бейімдеу белгіленген, осы жылы Тараз қаласы мен аудандарда 259 нысанды бейімдеу жоспарланып отыр, мұнда пандус, поручень, тактилді жол, арнайы әжетханалар қарастырылған.

10 айда 141 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы 172 нысанға 182,3 млн.теңге қаржы бөлінген.

Документы
Ақпарат
16 сентября 2024
Әлеуметтендіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімі
2025 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
Ақпарат
01 марта 2024
Әлеуметтендіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімі
Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу қызметтерін көрсеткені үшін ақы төлеуден босатылады
Нұсқаулық
19 января 2024
Әлеуметтендіру және арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру бөлімі
Қол жетімді инфрақұрылым. Жалпы талаптар
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
0
Басқарманың бір жұмыс күні
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы