GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Все материалы
22 октября 2026
Жамбыл облысында үздік құтқарушылар марапатталды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Құтқарушы күніне арналған салтанатты шараға қатысып, азаматтық қорғау саласының үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетті.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Бұдан соң қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етіліп, олардың есімі бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде құтқарушылардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөліне тоқталып, ел Президентінің сала қызметкерлеріне берген жоғары бағасын атап өтті.

– Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік наградалар табыстап, сіздердің еңбектеріңізге жоғары баға берді. Президентіміз құтқарушыларды «бейбіт күннің батырлары» деп атап, олардың төтенше жағдай кезінде көмекке бірінші болып ұмтылатынын айтты. Бұл – қиын сәтте халықтың жанынан табылып, адам өмірін сақтап қалу жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша құтқарушыға көрсетілген зор құрмет, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімі өңірде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою мүмкіндіктерін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Атап айтқанда, 2026 жылы өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, заманауи техникамен жабдықтауға және шалғай елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 530 миллион теңге қарастырылған.

20 октября 2026
Жамбылдық Айжан Берімқұлова V Жазғы Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарында Қазақстан құрамасының спортшысы Айжан Берімқұлова пара пауэрлифтингтен қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы жарыста жамбылдық спортшы 101 келі нәтижесін көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді.

Айжан Берімқұлованы айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті

20 октября 2026
Жамбылдық әлем чемпионы Юсуф Ашраповты салтанатты түрде күтіп алды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен U23 әлем чемпионатында топ жарған жамбылдық балуан Юсуф Ашраповты туған жерінде салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз финалда армениялық Гаспар Тертерянмен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, қазақстандық балуан жартылай финалда түркиялық Ибрагим Өздемирді 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Жерлестерінің қошеметіне бөленген чемпионның бұл жеңісі – Жамбыл спорты үшін зор мақтаныш. Юсуф Ашраповты тарихи жетістігімен құттықтаймыз

19 октября 2026
Жамбыл облысында ирригация каналдарын тазалау көрсеткіші екі есе артты

Шаруаларға суды тұрақты жеткізу үшін «Қазсушар» РМК-ның Жамбыл облыстық филиалы ирригация каналдарын механикалық әдіспен тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 2026 жылы 77,3 шақырым каналды тазалау жоспарланған болатын. Алайда бүгінге дейін орындалған жұмыстардың нақты көлемі 160,3 шақырымға жетті. Бұл бастапқы жоспардың 207,4 пайызына тең.

Мұндай нәтижеге, соның ішінде «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының материалдық-техникалық базасын нығайтудың арқасында қол жеткізілді. Еске салайық, былтыр филиалға 55 арнайы техника берілген болатын. Бұл жұмыстардың өнімділігін арттыруға, сондай-ақ су шаруашылығы инфрақұрылымын күтіп ұстау және қалпына келтіру мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.

Айта кетейік, жыл басынан бері «Қазсушар» РМК филиалдары жалпы ұзындығы 2043 шақырымнан астам каналды механикалық әдіспен тазалады. Жыл соңына дейін тағы шамамен 200 шақырым каналды тазалау жоспарланып отыр.

Осылайша, Қазақстанда каналдарды механикалық әдіспен тазалау қарқыны артып келеді. Салыстыру үшін айтсақ, 2025 жылы «Қазсушар» РМК филиалдары 1840 шақырым каналды тазалаған. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 1147,6 шақырым, 2023 жылы 678 шақырым болды.

«Каналдарды жаңғырту, су ресурстарын басқарудың заманауи тәсілдерін енгізу және техникалық паркті жаңарту суды тиімді пайдалануға әрі суармалы егіншілікті тұрақты дамытуға негіз қалайды. Суару инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасады. Жоспарланған жобаларды іске асыру су шаруашылығы нысандарын кезең-кезеңімен тиісті жағдайға келтіруге, сумен жабдықтау сенімділігін арттыруға және су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы имараттарын дамыту департаментінің директоры Сағи Үтелов.

16 октября 2026
Жамбыл облысының экономикасында өсім бар: тоғыз айдың қорытындысы жарияланды

2026 жылғы қаңтар–қыркүйек айларында Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, инвестиция, құрылыс және сауда салаларында оң динамика қалыптасты. Өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері мен әлеуметтік-демографиялық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Иманбаева мәлімдеді.

Өнеркәсіп өндірісі 18,1%-ға өсті

2026 жылдың тоғыз айында облыс кәсіпорындары 1 103,6 млрд теңгенің өнеркәсіп өнімін өндірді. Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп құрылымында өңдеу саласы басымдыққа ие. Оның үлесі 66,1%-ды құрап, тоғыз айда 729,8 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Саладағы өндіріс индексі 126,1%-ға жетті.

Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтау және кондицияланған ауамен қамтамасыз ету саласында 195,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, индекс 107,8%-ды құрады. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібінде 171,5 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім индексі 107,2%-ға жетті.

Ауыл шаруашылығында оң динамика сақталуда

Есепті кезеңде облыстың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 466,6 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104,9%-ға жетті.

Мал шаруашылығында да өсім байқалады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал саны 34,8 мың басқа, қой мен ешкі 290,4 мың басқа, жылқы 20,6 мың басқа, құс саны 445,4 мың басқа артты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің едәуір бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда өндіріледі. Олардың үлесіне өндірілген еттің 55,8%-ы, сүттің 79,2%-ы және жұмыртқаның 64,9%-ы тиесілі.

Өсімдік шаруашылығында өндіріс көлемі 7,1%-ға артты. Атап айтқанда, Т. Рысқұлов ауданында дәнді дақылдар өндірісі 3,8 есе, Жуалы ауданында 3,5 есе өсті.

Инвестиция көлемі 721,9 млрд теңгеге жетті

Өңірдің экономикалық дамуына ықпал ететін маңызды көрсеткіштердің бірі – негізгі капиталға салынған инвестициялар. 2026 жылғы қаңтар–қыркүйекте олардың көлемі 721,9 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,1%-ға өсті.

Инвестициялардың басым бөлігі өңдеу өнеркәсібіне бағытталды. Бұл салаға 364,1 млрд теңге инвестиция салынып, жалпы көлемнің 50,4%-ын құрады. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға 90,6 млрд теңге немесе инвестициялардың 12,6%-ы тиесілі.

Қазіргі уақытта Мойынқұм ауданында жел электр станциясын, Сарысу ауданында химиялық заттар өндіру кешені мен кальцийленген сода зауытын, Шу ауданында жүгеріні қайта өңдеу және металлургия зауыттарын салу жобалары жүзеге асырылуда.

Құрылыс пен тұрғын үй құрылысы жанданды

Тоғыз айда облыста орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 283,7 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 104%-ға жетті. Құрылыс жұмыстарының өсуіне инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобалардың іске асырылуы ықпал етті.

Тұрғын үй құрылысына 90,6 млрд теңге бағытталды. Есепті кезеңде облыста 530,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 282,4 мың шаршы метрден астамын халық өз күшімен салған.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінде көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі 46,8%-ды, жеке тұрғын үйлердің үлесі 53,2%-ды құрады.

Сауда айналымы 847,9 млрд теңгені құрады

2026 жылғы қаңтар–қыркүйекте облыстағы сауда көлемі 847,9 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 102,2%-ды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 473 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға өсті. Сонымен қатар сауда кәсіпорындарының бөлшек тауар өткізу көлемі 1,6%-ға артты. Жеке кәсіпкерлердің сауда айналымы 14,4%-ға төмендеді.

Көтерме сауда айналымы 372,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінің 102,1%-ына тең болды. Оның құрамында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 54,1%-ды құрады.

1 қазандағы жағдай бойынша облыста 14 639 заңды тұлға тіркелген, оның 12 410-ы жұмыс істеп тұрған ұйымдар. Сонымен қатар 66 277 жеке кәсіпкер және 29 253 шаруа және фермер қожалығы тіркелген.

Өңір халқының саны – 1,21 миллион адам

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Жамбыл облысының халқы 1 млн 210 мың адамды құрады. Халықтың 51,4%-ы ауылдық жерлерде, 48,6%-ы қалаларда тұрады.

Жыл ішінде халық саны 0,6%-ға азайғанымен, табиғи өсім сақталуда. 2026 жылдың сегіз айында табиғи өсім 8,2 мың адамды құрады.

Облыс халқының 49,8%-ын ерлер, 50,2%-ын әйелдер құрайды. Тұрғындардың орташа жасы – 31,4 жас. Өңірде күн сайын орта есеппен 54 сәби дүниеге келеді.

Жалақы өсіп, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады

2026 жылдың екінші тоқсанында облыстағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 375,5 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.

Есепті кезеңде жұмыс күшінің саны 524,9 мың адамды, жұмыспен қамтылған халық саны 499,8 мың адамды құрады. Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген жұмыссыздар саны 25,1 мың адамға жетіп, жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.

Тұтыну бағаларының өсуі байқалады

2026 жылғы қыркүйекте тұтыну бағаларының индексі 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,4%-ды құрады.

Осы кезеңде азық-түлік тауарларының бағасы 5,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар 6,7%-ға, ақылы қызметтер 8,9%-ға өсті. Қызмет көрсету саласында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлері бойынша бағаның өсуі 15,1%-ды құрады.

Сонымен қатар жекелеген тауарлар бойынша бағаның төмендеуі де тіркелді. Атап айтқанда, жарма өнімдерінің, кеңсе тауарларының және автомобильдердің бағасы арзандаған.

2026 жылдың үшінші тоқсанында облыстағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 71 026 теңгені құрады. Аудандар бойынша бұл көрсеткіш Жуалы ауданындағы 66 746 теңгеден Қордай ауданындағы 75 103 теңгеге дейін өзгерді.

Жалпы, тоғыз айдың қорытындысы Жамбыл облысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және құрылыс салаларындағы өсімнің сақталғанын көрсетеді. Сонымен қатар баға динамикасы, кәсіпкерлік субъектілерінің саны және демографиялық өзгерістер өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауда маңызды көрсеткіштер болып қала береді.

Цифрландыру
15 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 

Расул Рысмамбетов, қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры:

«Егер адам қарттық шағына қаражат жинамаса, мемлекет қалай да бір амалын тауып, «тегін қияр мен қызанақ» беретініне кәміл сенсе, қатты қателеседі, өкінішке орай… Өзіміз үшін тек өзіміз ғана жинақтай аламыз».

 

«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақы жүйесі туралы сұхбат» жобасы аясында сарапшылармен пікір алмасу сериясын жалғастыруда.

Алғаш зейнетақыны кім ойлап тапты? БЖЗҚ-ның негізгі міндеттері қандай болуы тиіс? Салымшыларға өз жинақтарын шешіп алу мүмкіндігін беру дұрыс па? Атақты мысалдағы «Құмырсқа» кім, «Инелік» кім?

Бүгінгі кезекті эксклюзивті сұхбатымызда қаржыгер, «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директоры Расул Рысмамбетов Қазақстандағы болашақ зейнеткерлердің мәселелері туралы жеке қарым-қатынас тәжірибесіне сүйене отырып баяндап, олардың болашақ перспективалары жөнінде өз пікірімен бөлісті.

 

Сұхбатты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасынан көріңіз!

                 https://youtu.be/Dy76WU-qFrs?si=CocIIq7U4J0rv1SZ 

 

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты әрі пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз!

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

 

Цифрландыру
15 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы
 

 

 

 

 

 

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

 

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 449,60 млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 950,74 млрд теңгені құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 347,58 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28 млрд теңгені құрады.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.

ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қыркүйекте МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,46%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,00%, ҚРҰБ депозиттері – 3,42%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,53%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,14%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,75%, МҚҰ – 0,99%.

Активтердің 37,38%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,99%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,01%.

Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 510,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 119,33 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,87 млрд теңге.

Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты.

2025 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 1,58 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 6,17%-ды құрады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,30%, ҚРҰБ депозиттері – 3,69%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 99,70 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 18,80 млрд теңге кіріс әкелді.

2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 158,51 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 18,65%.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 151,28 млрд теңге.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 24,12 млрд теңге. 

Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,80%, РЕПО – 13,96%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 10,88%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,46%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,32%, МҚҰ – 2,36%.  

Атап кетейік, портфельдің 48,26% теңгемен, 51,07% АҚШ долларымен, 0,67% басқа валюталарда ұсынылған.  

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,91%.

"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 19,60 млрд теңге.  

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,55%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 20,44%, ҚР ЕДБ облигациялары – 17,76%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,37%,Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,34%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 6,24%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,18%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 73,73%-ын, АҚШ долларымен 26,27%-ын құрайды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 10,95%.

 "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,58 млрд теңге болды.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,03%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 13,24%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,02%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,22%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 8,75%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,23%, ҚРҰБ ноттары – 7,43%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 5,61%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%.  

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 62,39%-на, АҚШ долларымен 37,61%-на тең.

Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,30%.

"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 77,64 млрд теңге болды. 

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 19,63%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 16,36%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 11,20%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 11,04%, ҚР ҚМ МБҚ – 9,79%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,07%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 7,08%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,68%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 4,64%, МҚҰ – 1,50%.  

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 65,49%, АҚШ долларында – 34,51% инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 11,82%.

"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

01.09.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 0,74 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексі компоненттерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 52,95%, Репо – 16,02%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 15,67%, ҚР ҚМ МБҚ – 11,05%.

Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 42,94%, АҚШ долларымен – 57,06% инвестицияланды.

"Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 2,43% құрады.

"Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.09.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 22,60 млрд теңге.

ҚР ЕДБ облигацияларына – 26,85%, РЕПО – 12,14%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 12,57%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 16,31%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 8,53%, ҚР ҚМ МБҚ-ға – 7,21%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 5,14%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 4,52%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 2,74% инвестицияланды.

Ұлттық валютада портфельдің 66,06%-ы, АҚШ долларында 33,94%-ы инвестицияланды.

Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы тамызға дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 17,05%.  

"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

 

Цифрландыру
15 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   «БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті  

 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтардың зейнетақы жинақтарын жинақтау және болашақта төлемдер қамтамасыз ету. Қор ұсынатын қызметтер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинап қана қоймай, сонымен қатар өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

01.01.2026ж. мен 31.08.2026ж. аралығында Қор салымшыларға 36,2 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 24,0 млн-ы электрондық форматта, 11,4 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6%-ын құрады. Цифрландырудың жоғары деңгейіне қарамастан, өңірлік бөлімшелердегі Қор мамандары азаматтарға жүзбе-жүз қызмет көрсетуін әлі де жалғастыруда. Мәселен, күндізгі форматта 516,7 мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде 504,3 мың қызмет тікелей Қор кеңселерінде жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.  

Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор — балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 1,3 млн бірлікке жетті.  

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 25,0 млн үзінді көшірме берілді. Оның 22,4 млн-ы – электрондық, ал 2,3 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 88,8 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікке біріктіріп, инвестициялық қызметтері туралы деректерді жүйелі түрде ұсынатынын естеріңізге салады. invest.enpf.kz порталында пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы туралы мәліметтер, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеушілік талаптарды сақтауы туралы деректер, салымшыларға ИПБ-ның портреті мен инвестициялық қызметін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 39,7 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 783,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 27,5 мың материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 283,0 мың өтініш түсті.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.   

 

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

Цифрландыру
15 октября 2026
01.09.2026ж. жағдай бойынша отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,47 трлн теңгеден асты   

 

 

  

 

Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 қыркүйегіне 28,47 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім – 3,36 трлн теңге немесе 13,4%.        

2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ)  қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі – 26,37 трлн теңге, 12 айда 2,53 трлн теңгеге немесе 10,6% өсті.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 12 айда 5,0%-ға ұлғайып, 746,13 млрд теңге болды.

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақ көлемі де ұлғайды: 2026 жылғы 1 қыркүйекке оның көлемі 10,43 млрд теңге  болып, 12 айда 7,1% өсім көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 12 ай ішінде 2,5 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 1 348,82 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2026 жылдың 8 айында салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 439,42 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15,9%-ға (немесе 334,44 млрд теңгеге) артық.     

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін 1 865,85 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 8,1%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,97 млрд теңге (өсім – 12,3%), ЕЗЖ – 1412,37 млн теңге түсті. Жыл басынан бастап 01.09.2026ж. жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен жарналар 471,18 млрд теңгені құрады.     

 Жыл басынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 01.09.2026ж. жағдай бойынша 1198,09 млрд теңгені құрады.

 

Төлемдер мен аударымдар

2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1242,35 млрд теңгені құрады.   

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 196,23 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 39 008 теңге.      

2026 жылдың басынан бастап 01.09.2026 жылға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) 462,75 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 70,61 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 33,62 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,32 млрд теңге, жерлеуге – 6,33 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 470,49 млрд теңге аударылды.

 

ЖЗШ саны

2026 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 19,01 млн бірлік (12 айдағы өсім – 1,13 млн бірлік немесе 6,3%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2026 жылдың 1 қыркүйегінде 12,87 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,42 млн - МЗЖ бойынша, 794,38 мыңы - МКЗЖ бойынша, 464,91 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Айта кетейік, МЗЖ есебі жүргізілетін шоттардың жалпы санына (11,42 млн бірлік) елден тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинақтарын алу үшін жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарын мұраға ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2016 жылдан бастап зейнетақымен мемлекеттік қамсыздандырылуға толық ауыстырылған әскери қызметшілердің және шоттарына Қазақстан заңнамасына сәйкес жарналар түспеуі тиіс салымшылардың (алушылардың) басқа да санаттарының шоттары кіреді.

БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны -  6,14 млн бірлік.  

            Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

Цифрландыру
15 октября 2026
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА   Классикалық зейнетақы аннуитетінен – жаңа мүмкіндіктерге

 

 

2026 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласында сақтандыру, қаржы және зейнетақы нарығының өкілдерін бір алаңға жинаған Kazakhstan Insurance Forum 2026 өтті. Форум аясында «Жоспардан тыс өмір: болашақты сақтандырудан неге қорқамыз?» атты панельдік пікірталас ұйымдастырылып, онда өмірді сақтандыруды дамыту, ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және азаматтардың болашақ табысын қамтамасыз етудегі жаңа мүмкіндіктер мәселелері талқыланды.  

Пікірталасты сақтандыру нарығының сарапшысы, Centras Group негізін қалаушы Елдар Абдразаков жүргізді. Талқылауға «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов, KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «BCC Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Гүлжан Жақсымбетова, Bank CenterCredit вице-президенті Анастасия Овсянникова, «Халық-Life» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Бурибаева және AJR Finance Ltd исламдық қаржытех-компаниясының негізін қалаушы Мұрат Қылышбай қатысты.

 

Пікірталас барысында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру құралдарының бірі ретінде зейнетақы аннуитетін дамыту мәселесі де сөз болды. Бұл бағыттың келешегі туралы «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов айтып берді. Ол Қазақстанның сақтандыру нарығы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын және оның одан әрі өсу әлеуеті зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, оның пікірінше, сақтандыру индустриясының ауқымы әзірге экономиканың даму қарқынына толық сәйкес келе бермейді.   

«Өмірді сақтандыруды дамытуға ықпал ететін бағыттардың бірі – зейнетақы аннуитеті нарығы. Зейнетақы жинақтарын зейнетақы аннуитетін сатып алуға пайдалану мүмкіндігі зейнетақы жүйесіне бастапқыдан-ақ азаматты зейнет жасындағы табыспен қамтамасыз етудің бір нұсқасы ретінде енгізілген. Бүгінде БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар қазақстандықтардың оларды алудың әртүрлі тәсілдерін таңдауға мүмкіндігі бар: БЖЗҚ-дан қаражат толық таусылғанға дейін белгіленген кесте бойынша төлемдер алу, сақтандыру компаниясы арқылы өмір бойы төлемдер алу немесе осы екі нұсқаны үйлестіру.

 Өмірді сақтандыру нарығы инвестициялық нарықпен тығыз байланысты. Классикалық өнімдермен (шұғыл, кейінге қалдырылған және бірлескен зейнетақы аннуитеттері) қатар инвестициялық құрамдас бөлікке байланысты жаңа мүмкіндіктер де пайда болуда. Бұл – заңды құбылыс, өйткені бүкіл әлемде өмірді сақтандыру инвестициялық нарықпен тығыз байланысты, ал сақтандыру компаниялары ірі институционалдық инвесторлар ретінде әрекет етеді.

Сондықтан зейнетақы аннуитетін «сатып алдым, ұмыттым» деген қағидатпен қабылдамаған маңызды. Азаматтар бұл қаржы құралының қандай қосымша артықшылықтар беретінін, оның ішінде ұзақмерзімді қаржылық жоспарлау және инвестициялық құрамдас бөлік тұрғысынан түсінуі қажет. Нарықтың одан әрі дамуы сақтандыру қорғанысын, тұрақты дивидендтер мен инвестициялық мүмкіндіктерді ұштастыратын жаңа, оның ішінде гибридті өнімдердің пайда болуына алып келуі мүмкін», – деп түсіндірді Жанат Құрманов.

Жанат Құрманов халық арасында ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау мәдениетін одан әрі қалыптастыру қажеттілігін де атап өтті. Пікірталас барысында айтылғандай, бұл мәселе әсіресе қысқамерзімді қаржылық мақсаттарға басымдық беруге бейім жастар үшін өзекті.

 

Қазақстандықтарға зейнетақы аннуитетінің қандай түрлері қолжетімді

 

Еске сала кетейік, зейнетақы аннуитеті – азамат пен өмірді сақтандыру компаниясы арасында жасалатын шарт. Оған сәйкес сақтандыру компаниясы өмір бойы немесе шартта белгіленген белгілі бір жасқа дейін ай сайын зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді. Қазақстанның өмірді сақтандыру нарығында зейнетақы аннуитетінің бірнеше түрі ұсынылады.

 

Шұғыл зейнетақы аннуитеті шарт жасалғаннан кейін оның талаптарына сәйкес төлемдердің басталуын көздейді.

Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті төлемдердің шартта белгіленген белгілі бір кезең өткеннен кейін басталуын көздейді. Кейінге қалдырылған кезеңде қаражат шарт талаптарына сәйкес инвестициялануы мүмкін, бұл болашақ төлемдердің мөлшеріне оң әсер етеді.

Бірлескен (ерлі-зайыптылардың) зейнетақы аннуитеті екі адамның зейнетақы жинақтарын біріктіріп, шарт талаптарына сәйкес өмір бойы төлемдер алуға мүмкіндік береді. Қатысушылардың бірі қайтыс болғаннан кейін төлемдер екінші қатысушының пайдасына жалғаса береді.

Осылайша, зейнетақы аннуитеті нарығының дамуы азаматтардың ұзақмерзімді зейнетақы табысын қалыптастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп, зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қосымша нұсқаларын ұсынады. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дан алу немесе зейнетақы аннуитетін сатып алу арасындағы таңдау – азаматтың өмірлік жағдайына, жинақтарының мөлшеріне және зейнетақыны жоспарлау мақсаттарына байланысты жеке қаржылық шешім.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында). 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы