Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына онлайн сауалнама

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына онлайн сауалнама

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі БАсшысының 2021 жылғы 27 мамырдағы №6888 ПАБ-9 қарарына сәйкес Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «электрондық үкімет» порталының «Ашық диалог» платформасында мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтауды онлайн нысандағы сауалнама жүргізу арқылы ұйымдастырды. Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің онлайн нысанда басталғандығы жөнінде хабарлаймыз.

Онлайн сауалнаманы өту электрондық цифрлық қолтаңба, бір реттік құпия сөз немесе «QR код» тәсілі бойынша тіркелу арқылы жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қызмет алушыға онлайн нысанда бағалау процедуралары ыңғайлы болу үшін оған 2021 жылы алған қызметтерінің тізімі көрсетілген және әр қызмет бойынша жеке-жеке бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.