Меню

Страницы

Статья

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Шу ауданынының активімен және тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді


📌2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық аясында ағымдағы жылғы 16 шілдеде аудан әкімдігінің мәжіліс залында сайлау заңнамасындағы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кездесу өтті.
📌Кездесуге Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С. Айдапкелов, комиссия мүшесі Е. Жапаров, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Б. Кеңесбек, аудан әкімі
Б.Жәнібеков, аудан әкімінің орынбасары мен аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен мамандары, құқық қорғау және құзырлы органдардың басшылары, мәслихат төрағасы және мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, жергілікті қауымдастықтың төрағасы, аудандық саяси партиялар филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері, БАҚ өкілдері мен жас сайлаушылар клубының мүшелері және жұмысшы жастар қатысты.
📌Кездесу барысында Серғали Айдапкелов Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген негізгі өзгерістерге тоқталып, жаңа сайлау жүйесінің ерекшеліктерін түсіндірді.
📌Атап айтқанда, Құрылтай депутаттарын пропорционалды жүйе бойынша партиялық тізіммен сайлау тәртібі, сайлау комиссияларының өкілеттіктері, әкімдерді тағайындау және сайлау тәртібіндегі жаңашылдықтар, сондай-ақ сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістерге кеңінен тоқталып өтті.
📌Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы сайлаушыларға сайлау процесін ұйымдастыруға және өткізуге қатысты заңдар мен заңнамалық актілерді түсіндіру және Құрылтай сайлауына байланысты ақпараттандыру жұмыстарын БАҚ, әлеуметтік желілер мен сайлау комиссияларының сайттары арқылы да ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

📌Кездесуқатысушылар заңнамалық жаңашылдықтардың практикалық маңызы жөнінде пікір алмасып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Қойылған сұрақтардың барлығына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер беріліп, құқықтық нормаларды қолдану тәртібі нақты түсіндірілді.
📌Кездесу соңында С. Айдапкелов жаңа заңнаманы түсіндіру және алдағы Құрылтай сайлауына қатысты халықты ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

18 октября 2026
14 октября 2026
Мақалалар
14 августа 2026
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жамбыл облысында сайлауды ұйымдастыру және өткізу барысымен танысты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы