Меню

Страницы

Статья

Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті

Ағымдағы жылғы 16 шілдеде Шу ауданы әкімдігінің ғимаратында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына дайындық мәселелері бойынша штаб отырысы өтті.
Жиынға Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бекжан Кеңесбек, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков, құқық қорғау органдарының және жауапты мемлекеттік мекемелердің басшылары,штаб мүшелері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Штаб отырысында сайлауға дайындық барысы, ақпараттандыру жұмыстарының ұйымдастырылуы, сайлау учаскелерінің дайындығы, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлау кезеңінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау және сайлау учаскелеріндегі телефон, интернет, жарық мәселелері қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес, жауапты сала басшылары өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасап, сайлау науқанын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру жөніндегі дайындық барысы талқыланды.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сайлау процесінің ашықтығы, заңдылығы және әділ өтуін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталып, жауапты органдардың өзара үйлесімді жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков жауапты мекемелерге сайлауға дайындық жұмыстарын сапалы жүргізуді, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді және жүктелген міндеттердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 июля 2026
Дата обновления
20 июля 2026
Тип
Мақалалар

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
23 октября 2026
23 октября 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы