Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 сәуірдегі №10 қаулысымен 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Шу ауданы Алға ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 5 тармағына сәйкес, Алға ауылдық округінің сайлау учаскесінің шекарасы туралы хабарлайды:
№432 Сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Алға ауылдық округі, Жайсан ауылы, С.Шәкіров көшесі №5, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Жайсан орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекарасы: Жайсан ауылы.
№434 Сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Алға ауылдық округі, Алға ауылы, Қарашаш көшесі №47, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Амангелді атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекарасы: Алға ауылы.
№435 Сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Алға ауылдық округі, Сауытбек ауылы, Н.Жәнібеков көшесі №15, "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Алға орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекарасы: Сауытбек ауылы.