28 қараша күні Шу аудандық Мәдениет үйінде Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жанынан құрылған «Жас сайлаушылар клубының» алғашқы форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру және жас сайлаушылар арасында пікір алмасуға мүмкіндік беретін диалог алаңдарын қалыптастыру болып табылады.
Форум Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны шырқалып ашылды.
Шу ауданы әкімінің орынбасары Пернеш Серікхан Қуатұлы форумды ашып беріп, сөз кезегі Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Сембеков Мейіржан Ермекбайұлына берілді. Ол жастарды белсенді болуға, ел болашағына үлес қосуға және өз таңдауын саналы түрде жасауға шақырды.
Жас сайлаушылардың сайлау мәдениетін арттырудың тиімді жолдарын айқындау негізінде өткізілген іс-шарада Шу аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ошанов Азамат Серикұлы өз баяндамасында, сайлау жүйесі бойынша қысқаша сипаттама беріп, жастар арасында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жастарды сайлау процесін тәжірибелік зерттеуге тарту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сайлауға қатысу дағдылары мен патриоттық сананы дамыту бойынша ой бөлісті.
Шу аудандық мәслихатының жас депутаттарының бірі Cұлтанғазиев Мақсат Лесханұлына баяндама жасап, өз өмірінің бір кезеңін жастарға үлгі ретінде сөзге тие кетті. Депутат болып қалай сайланғанын, ішкі қорқыныш пен үрейін жеңу арқылы, ешқандай қиындықтан тайсалмауды, алға қарай ұмтылуды үйренгенін жеткізді.
Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Шу қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры, Шу ауданың мәслихат депутаты Шәймерден Мақсат Болатқұлұлы форумды жүргізіп, өзінің қатысуымен жастарға үлгі болатындығын көрсеткендей.
Ал колледж студенттері Ибрагим Айбар мен Серік Жансейіттің орындауында «Елім деп соқсын жүрегің» атты әні залды ду қол шапалақтап, жастардың патриоттық сезімдерін оятты. Барлық әндер мен билер тек ұлтжандылық пен қайтпас қайсарлықты дәріптеу мақсатында, аса талғампаздықпен таңдалғанын көрсетті.
Сонымен қатар баяндамашыларға көрермендер тарапынан «Сайлауға 18 жасқа толмаған жастардың қызығушылығы не үшін маңызды?, Жастар сайлау процесі туралы дұрыс ақпаратты қайдан ала алады?, Жас сайлаушылар клубы қандай рөл атқарады? Және ол клубқа қалай кіруге болады?» деген сынды сұрақтар қойылып, сұрақтарға толыққанды жауап берілді.
Форумның мәдени бөлімінде Аудандық мәдениет үйінің жас өнерпаздарының орындауында Керей мен Жәнібек сұлтандары қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін қалап, «Керейді хан сайлау» қойылымын көрсетіп, тарихқа үңілу арқылы, форумды жандандыра түсті.
Келесі кезекте Жас сайлаушылар клубының жұмысын ұйымдастыру мен өткізу барысындағы жоғары белсенділік танытқаны үшін, жастардың саяси сауаттылығын арттыру мақсатында аудан орталығындағы орта білім беру мектептебінің президенті және белсенді жастары Шу ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай ақ форумға қатысушылар арасында кюар код арқылы сауалнама өткізіліп, алғашқы болып аяқтаған 10 адамға патриоттық рухты биік ұстасын деген мақсатта сый-сыямап көрсетіп, «Қазақстан шоколадтары» табысталды.
Форум соңында аудан әкімінің орынбасары Пернеш Серікхан Қуатұлы белсенділік танытқан жастарға «Алғыс хат» табыстап, естелікке фотоға түсу рәсімі болды. Шу ауданы мәдениет үйінің әншісі Әділбол Мұратбектің орындауында патриоттық «ҚАЗАҚСТАНЫМ» атты әні шырқалып, форумды от шашулармен аяқтады.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы