2026 жылғы 1 наурызда өткен Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 1 наурызда Жамбыл облысы Шу ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Бірлік ауылдық округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2002 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 1296 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс –30 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
Бірлік ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Ақбаев Қуат Ермекұлы үшін сайлаушылардың 68 дауысы берілді
Қараулов Нұрбек Опабекұлы үшін сайлаушылардың 1140 дауысы берілді
Тыныштыбаев Саят Құндызбаевич үшін сайлаушылардың 65 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 15.
Сайлау қорытындыларымен: Бірлік ауылдық округінің әкімі болып Қараулов Нұрбек Опабекұлы сайланды. 1964 жылы туған, Шу ауданы, Бірлік ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылының тұрғыны.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы