Стратегиялық экологиялық бағалау туралы хабарландыру

 

 

Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 57-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі - СЭБ материалдары) келіп түсті:

- «Жамбыл облысы Шу ауданы Тасөткел а/о Құмөзек елді мекенінің даму және құрылыс схемасы (Бас жоспардың оңайлатылған нұсқасы). Түзету» құжаты бойынша стратегиялық экологиялық бағалау есебі.

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «TMK Engineering» ЖШС.

СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СЭБ материалдарын әзірлеуге жауапты: Шу ауданының әкімдігі

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:

- құрылыстың бірінші кезеңі – 2030 ж.;

- есептік мерзім - 2040 жыл.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша рәсімдерді өткізу мерзімі: 30 күнтізбелік күн.

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі -  Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8

Экологиялық саясат департаменті

Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz 

n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz  

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:

- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);

- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;

СЭБ бойынша материалдар:

1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

2) Шу ауданы әкімдігінің сайтында.

 

Дата публикации
18 декабря 2025