2025 жылғы 02 наурызда өткен Жамбыл облысы Шу ауданы Ақсу, Шоқпар ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

     2025 жылғы 02 наурызда Жамбыл облысы Шу ауданы Ақсу, Шоқпар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Ақсу ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1348 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 865 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 6 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Ақсу ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Айтбай Айдар Ермаханұлы үшін сайлаушылардың 723 дауысы берілді,

Алдан Алмас Рахметілдаұлы үшін сайлаушылардың 59 дауысы берілді.

Қилыбай Нұрзат Манатбекұлы үшін сайлаушылардың 63 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 10.

Сайлау қорытындыларымен: Ақсу ауылдық округінің әкімі болып Айтбай Айдар Ермаханұлы сайланды. 1964 жылы туған, Шу ауданы, Ақсу ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Ақсу ауылының тұрғыны.

Шоқпар ауылдық округі бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1322 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 857 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Шоқпар ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Дәнебек Данияр Бейсембекұлы үшін сайлаушылардың 56  дауысы берілді,

Ильясов Нурлан Мырзакулович үшін сайлаушылардың 721  дауысы берілді.

Шыңғысханұлы Ильяс үшін сайлаушылардың 60  дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 10.

Сайлау қорытындыларымен: Шоқпар ауылдық округінің әкімі болып Ильясов Нурлан Мырзакулович сайланды. 1985 жылы туған, «АҚ ҰК ҚТЖ» ПЧ-47 Шоқпар жол дистанциясына  көлік блогының бас механигі, Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар ауылының тұрғыны.

 

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
03 марта 2025