

Шу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен 14 қараша күні 2024 жылдың 8 желтоқсанына тағайындалған №18 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Жамбыл облыстық мәслихатының шығып қалған депутат орнына сайлауға кандидаттар және №18 округтік сайлау комиссиясының құрамымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Бауыржан Шілдебайұлы Стыбаев тіркелген кандидаттартарға үгіт материалдарын дайындау, сайлауалды бағдарламаларын орналастыру тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ тікелей №18 округтік сайлау комиссиясының №418, 419, 420, 421, 422, 430, 431, 432, 433, 434, 435, 436, 447, 448, 449, 450, 451, 452, 453, 454, 455, 456, 457, 458, 459, 460 учаскелерідің шекарасына кіретін тұрғындарының дауыс беруі арқылы өтетін сайлаудың Заң аясында өтуіне баса назар аударды. Кандидаттар мен олардың сенімді өкілдерін үгіт жұмысын жүргізу тәртібімен, сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу кезіндегі Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтармен таныстырылды. Кандидаттар тарапынан туындаған сұрақтарына толықтай жауап берілді.
Комиссия хатшысы С.Снабеков дауыс беру тәртібімен, дауыс беру қорытындыларын анықтау, сайлау комиссияларының міндеттері туралы түсіндірме жүргізді. Дауыс беру күніндегі сайлау комиссиясы мүшелерінің, сенімді өкілдердің, байқаушылардың дауыс беру орнындағы тәртіп ережелері қағидаларына сәйкес іс-әрекеттерін іс жүзінде көрсетіп өтті.
Аудандық сайлау комиссиясының төраға орынбасары Б.Стыбаев кездесуді қорытындылай келе кандидаттарға заң талаптарын толық орындауға, үгіт жұмыстары тәртібін бұзбауға, сайлауды заңнама тәртіптеріне сәйкес өткізуге шақырып, бастамаларына сәттілік тіледі.