2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабына,   «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару  туралы»   Қазақстан Республикасының  Заңының 6 бабына  сәйкес  аудандық  мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2024 – 2026 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 13733521 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер– 4694374 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 87082 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 76300  мың теңге;

трансферттер түсімі – 8875765  мың теңге.

2) шығындар – 13344521 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 258971 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 361816 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 102845 мың теңге;

3) қаржы активтерімен  операциялар бойынша сальдо – 389000 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 389000 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 389000 мың теңге;

4) бюджет тапшылығы (профициті) – -258971 мың теңге;

5) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –            258971 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі –   361816 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 102845 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2024 жылы облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін субвенция көлемі 3786423 мың теңге сомасында белгіленсін.
  2. 2024 жылға аудандық бюджеттен аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін  субвенция көлемі 801280 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:

Алға ауылдық округі - 41817 мың теңге ;

Ақсу ауылдық округі – 39272 мың теңге ;

Ақтөбе ауылдық округі - 31797 мың теңге ;

Балуан Шолақ ауылдық округі - 32780 мың теңге ;

Бірлік ауылдық округі - 41729 мың теңге;

Бірлікүстем ауылдық округі - 37699 мың теңге;

Далақайнар ауылы - 32121 мың теңге;

Дулат ауылдық округі - 28341 мың теңге;

Ескі - Шу ауылдық округі - 39805 мың теңге ;

Жаңажол ауылдық округі – 35119 мың теңге;

Жаңақоғам ауылдық округі - 39721 мың теңге;

Көкқайнар ауылдық округі – 31061 мың теңге;

Қорағаты ауылдық округі - 37851 мың теңге ;

Қонаев ауылы - 46410 мың теңге;

Тасөткел ауылдық округі – 30982 мың теңге;

Төле би ауылдық округі - 84861 мың теңге;

Өндіріс ауылдық округі - 32987 мың теңге;

Шоқпар ауылдық округі - 39769 мың теңге;

Шу қаласы - 97158 мың теңге.   

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органның резерві 95000 мың теңге көлемінде бекітілсін.
  2. 2024 жылға аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округтің бағдарламалары бойынша берілетін трансферттердің бөлінуі Шу ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.
  3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі..
Дата публикации
30 апреля 2024