Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 – бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 – тарауына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37 – баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мемлекет мұқтажы үшін «NEXAGRO корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі кадастрлық нөмірі 06-096-058-113 көлемі 107,5 га және кадастрлық нөмірі 06-096-057-079 көлемі 1454,4 га жайылымдық ауыл шаруашылығы жер учаскелерін Шу ауданы Алға ауылдық округі тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша мұқтажын қанағаттандыру үшін учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2024 жылғы 15 шілдеге дейін белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын: Шу ауданы, Төле би ауылы, Т.Әубәкіров көшесі 30, 1 қабат, 3 кабинет, «Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ болып белгіленсін.
- Шу ауданы әкімінің аппараты және Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі осы қаулыны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Шу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Шу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін ескертсін және жер учаскесінің меншік иелеріне өтемақы төлеумен қатар Шу ауданы жер қорынан басқа тең көлемдегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жайылымдық жер учаскелері ұсынылсын;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін Шу ауданы Алға ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне берілсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қажетті шараларды қабылдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бакыт Аязович Бетбаевқа жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Джанибеков
Жобаны ұсынушы:
Аудан әкімдігінің жер қатынастары
бөлімінің басшысы А.Кошербаев