«Шу аудандық баспасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, БИН 070540008025:
Жамбыл облысы, Шу ауданы «Шу өңірі – Шуская долина» аудандық қоғамдық-саяси газеті форматы D2, көлемі 348х528 мм, 6 беттен, негізгі мәтін 8-шіден 9-ші кегельге дейін, теру тығыздығы 1 шаршы сантиметрге 24-30 белгі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес аудандық «Шу өңірі» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат материалдарын мақала түрінде жариялайды.
Үгіт материалын газетке жариялау үшін тіркелген кандидат немесе оның сенімді өкілі
мынадай құжаттар ұсынады:
1) кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
2) кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;
4) шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Үгіт материалдарын жариялау
тәртібі
Редакция кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау кезектілігін жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, егер өтініштер бір мезгілде келіп түссе материалдардың жариялану ретін жеребе бойынша белгілейді. Жазбаша өтініш келіп түскеннен кейін үгіт материалына басылым бетінде тиісті орын берілгені үшін редакция және кандидат мақаланың жариялану ақысын алдын ала төлеу жайында екіжақты келісім-шарт жасасады.
Үгіт материалы газет бетінде мақаланың толық төлемі редакцияның есепшотына 100 пайыз көлемінде түскеннен кейін барып жарияланады.
Үгіт материалдарын ұсыну
тәртібі
Кандидат үгіт материалының мәтінін редакцияның жарнама бөліміне «Шу өңірі» газетінің кезекті саны жарыққа шығардан үш жұмыс күні бұрын ұсынуы тиіс. Материалдың мәтіні қағазға басылып шығарылып, оған кандидат немесе оның сенімді өкілі қол қоюы қажет. Сонымен қатар электронды нұсқасы қоса берілуі керек. ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сай келмейтін үгіт мақалалары қабылданбайды.
Үгіт материалдарын жариялаудың төлем тәртібі
Кандидат немесе оның сенімді өкілі үгіт материалының жариялану құнын 100 пайыз төлейді. Төлемақы, алдын ала келісімшартта қарастырылғандай, редакцияның реквизиті көрсетілген есепшотына аударылуы керек.