2024 жылғы 11 қарашада өткен Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 11 ақпанда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 12583 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 7201 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 113 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 3.

Төле би ауылдық округі әкімінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Төле би ауылдық округі бойынша:

Джунсалиев Дастан  Омарбекович үшін сайлаушылардың 1145 дауысы берілді,

Исмаилов Хамит Чоробекович үшін сайлаушылардың 987 дауысы берілді.

Рахимкулов Арнұр Ермекбаевич үшін сайлаушылардың 5049 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 8.

Сайлау қорытындыларымен: Төле би ауылдық округінің әкімі болып Рахимкулов Арнұр Ермекбаевич сайланды. 1988 жылы туған, Шу ауданының білім бөлімі бас есепшісінің орынбасары, Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылының тұрғыны.

 

Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 февраля 2024