«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22 бабы 2, 2-1 тармақтарына және №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарының 3 тармағына сәйкес Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бірмандаттық аумақтық сайлау округінің шекаралары мен округтік сайлау комиссиясының орналасқан жерлері туралы хабарлайды.
Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Шу ауданы, Төле би ауылы, Төле би көшесі №143, «Қаржы бөлімі» МКҚК ғимараты, 1-ші қабат, №3; №4; №6 каб.
№12 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері: Шу қаласы, Сәкен Сейфуллин көшесі №121, «Тарлан» спорт кешені ғимараты.
Шекаралары: Шу қаласы. Құрамына №451, №455 сайлау учаскелері кіреді.