Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

Шу ауданы әкімі аппараты

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2023 жылдың 12 айының қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
63 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (4,8 %);
  • электронды түрде және мемлекеттік корпорация арқылы – 60 қызмет (95,2 %);

2023 жылдың 12 айында аудан бойынша ЖАО 13174 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    12328 қызмет (93,58 %);
  • қағаз түрінде –     0 қызмет (0,0%);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   846 қызмет (6,42%). 

 

2023 жылдың 12 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер  жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 2687 халықты қамтыған 120 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 4 отырыс ұйымдастырылды.

        

 

2023 жылдың 12 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 5 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 5 жергілікті атқарушы органды қамтыды (5 нысан).

Нәтижесінде 11 заңбұзушылықтар анықталды және 11 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Сонымен қатар бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 1 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

     Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 11 фактісі анықталды.

Дата публикации
02 февраля 2024