Шу ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылдың IV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
63 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.
Оның ішінде:
2023 жылдың IV тоқсанында аудан бойынша ЖАО 1824 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Оның ішінде:
2023 жылдың IV тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.
Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 605 халықты қамтыған 26 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.
2023 жылдың IV тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі
Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 2 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 2 жергілікті атқарушы органды қамтыды (2 нысан).
Нәтижесінде 2 заңбұзушылықтар анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 2 фактісі анықталды.