2023 жылдың II тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Шу ауданының жергілікті атқарушы органдардың 2023 жылдың II тоқсанында  көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарымен (ары қарай - ЖАО)
63 мемлекеттік қызмет түрі (кіші түрмен қосқанда 97 мемлекеттік қызмет) көрсетіледі.

Оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 3 қызмет түрі (4,8 %);
  • электронды түрде және мемлекеттік корпорация арқылы – 60 қызмет (95,2 %);

2023 жылдың II тоқсанында аудан бойынша ЖАО 4698 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілген. 

Оның ішінде:

  • электронды түрде –    4396 қызмет (93,57 %);
  • қағаз түрінде –     0 қызмет (0,0%);
  • қағаз түрінде (баламалы) –   302 қызмет (6,43%). 

 

2023 жылдың IІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым түспеген.

Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер  жоқ.

ЖАО есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 591 халықты қамтыған 24 түсіндірме іс-шараларын (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) жүргізіліп және де қоғамдық кеңестің мүшелерімен 1 отырыс ұйымдастырылды.

 

2023 жылдың ІI тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің сапасын ішкі бақылау бойынша қысқаша есебі

Шу ауданының жергілікті атқарушы органдарының ішкі бақылау жұмысына жауапты қызметкерлері бекітілген жоспарға сәйкес, есепті кезеңде 1 ішкі бақылау жұмыстарын жүргізіп, 1 жергілікті атқарушы органды қамтыды (1 нысан).

Нәтижесінде 7 заңбұзушылықтар анықталды және 7 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.

Сонымен қатар бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша 1 жауапты тұлғаға тәртіптік шаралар қабылданды.

     Бақылаумен анықталған бұзушылықтардың ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзудың 7 фактісі анықталды.

Дата публикации
01 февраля 2024