Шу аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттының орнына сайлауды тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының
14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының
4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. №12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шу аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 31 наурызға тағайындалсын.
  2. Шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

Осы қаулы Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Шу өңірі-Шуская долина» газетіне орналастырылсын.

Дата публикации
31 января 2024