«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 14 бабының 6) тармақшасына, 21 бабының 4 тармағына, 22 бабына сәйкес Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
- Шу ауданының Төле би ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру;
- Шу ауданының Төле би ауылдық округі әкімі- Төле би ауылдық округі шекарасындағы Төле би сайлау округі.
- Сайлау округінің тізімі оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып Шу аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Шу өңірі-Шуская долина» аудандық қоғамдық саяси газетінде жариялансын.