"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1.Шу ауданында 2024 жылдың 11 ақпанына Төле би ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- 2024 жылғы 11 ақпанына тағайындалған Шу ауданының Төле би ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы шешім Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Шу өңірі" газетінде жариялансын.