Шу аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шу ауданының Дулат ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижесі туралы №440, №441 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Дулат сайлау округі
Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 716 азамат енгізілді, олардың 466 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 15, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 3.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есенбекова Қ.Н. – 40; Кірпікбаев Б.Е. – 371; Мұхамеджан Ә.К. – 37;
Дулат ауылдық округінің әкімі болып Кірпікбаев Біржан Ержанұлы сайланды, 1988 жылы туған, Шу ауданы, Дулат ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, Бәйдібек ауылы, Бармақ ақын көшесі №05 үй тұрғыны, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.
Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 қарашасындағы шешімімен 2023 жылғы 12 қарашада сайланған Шу ауданы Дулат ауылдық округі әкімін тіркеді.
Шу аудандық сайлау комиссиясы