Шу ауданы Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ   ЕТЕДІ:

 

1.Шу ауданында 2023 жылдың 12 қарашасына Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

  1. 2023 жылғы 12 қарашасына тағайындалған Шу ауданының Дулат ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Шу өңірі" газетінде жариялансын.

 

 

Шу аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                  С.Жангарашев

Дата публикации
04 октября 2023