2023 жылғы 06 тамызында Шу ауданы Бірлікүстем және Көкқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Шу аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шу ауданының Бірлікүстем және Көкқайнар ауылдық округтері әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы №425, №429 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Бірлікүстем сайлау округі

Бірлікүстем ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1245 азамат енгізілді, олардың 597 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 25, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 1.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:  

         Ақбаев Қ.Е. – 1; Бименбетов А.Ө. – 225; Каюпов Н.А. – 145; Қуанышов А.Қ. – 200;

            Бірлікүстем ауылдық округінің әкімі болып Бименбетов Асқар Өсербайұлы  сайланды, 1967 жылы туған, "First Servise Cоmpany KZ" ЖШС инженер-энергетик, Бірлікүстем ауылы, Ниязбеков  көшесі №28 үй тұрғыны, өзін-өзі ұсыну жолымен.             Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Шу ауданы Бірлікүстем ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

Көкқайнар сайлау округі

Көкқайнар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1019 азамат енгізілді, олардың 687 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Башырхан Т.А. – 54;  Жамбулов Қ.Т. – 554; Қамбарұлы Қ. – 62;

Көкқайнар ауылдық округінің әкімі болып Жамбулов Қуатбек Тірібосынұлы сайланды, 1969 жылы туған, Көкқайнар ауылдық округінің әкімі, Шу ауданы, Көкқайнар ауылы, Естемесов көшесі, №67 үйде тұрады, «AMANAT» партиясының ұсынуымен.

            Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 7 тамыздағы шешімімен 2023 жылғы 6 тамызда сайланған Шу ауданы Көкқайнар ауылдық округі әкімін тіркеді.

 

 

 

Шу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
07 августа 2023