ХАБАРЛАМА 2023 жылғы 30 сәуірде Шу ауданы Шу қаласы, Жаңақоғам ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Шу аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шу ауданының Шу қаласы, Жаңақоғам ауылдық округі әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы №443, №447, №448, №449, №450, №451, №452, №453, №454, №455, №456, №457, №458, №459, №460  учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Жаңақоғам сайлау округі

Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1703 азамат енгізілді, олардың 806 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 83, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:  

         Майшекеев М.Е. – 505;  Мамбеткулов Е.Р. – 213; Шаймаш А.А. – 1;

Інжат Е.М. – 1;

Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі болып Майшекеев Марат Елубайұлы  сайланды, 1976 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Көктөбе ауылы, А.Ғалиақбаров  көшесі №3 үй тұрғыны, өзін-өзі ұсыну жолымен.

 

Шу қаласы сайлау округі

Шу қаласы әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 26920 азамат енгізілді, олардың 5463 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 125, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 67.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Жүнісқұлов Б.К. – 55;  Қасымов Ж.Е. – 1537; Мухаметжанов Қ.Б. – 56; Нұралиев Е.Б. – 3623;

Шу қаласы әкімі болып Нұралиев Елдос Бекболатұлы сайланды, 1992 жылы туған, Қордай ауданы әкімінің орынбасары, Қордай ауданы, Қордай ауылында Ақбулын көшесі, №10 үйде тұрады,  өзін-өзі ұсыну жолымен.

 

 

Шу аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
02 мая 2023