Шу ауданы Шу қаласы және Жаңақоғам ауылдық округі әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы ШЕШІМІ

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ   ЕТЕДІ:

 

1.Шу ауданында 2023 жылғы 30 сәуіріне Шу қаласы және Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

  1. 2023 жылғы 30 сәуіріне тағайындалған Шу ауданының Шу қаласы мен Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Шу өңірі" газетінде жариялансын.

 

 

Шу аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                               С.Жангарашев

Дата публикации
22 марта 2023