Шу аудандық сайлау комиссиясының
ШЕШІМІ
Төле би ауылы № 2 «_04_» 01 _2023ж
Шу ауданында Қонаев ауылы,
Жаңажол, Ақтөбе, Ескі Шу
ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауы бойынша сайлау
округін құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1) Қонаев ауылы шекарасының аумағында – Қонаев сайлау округі;
2) Жаңа жол ауылдық округі шекарасының аумағында – Жаңажол сайлау округі;
3) Ақтөбе ауылдық округі шекарасының аумағында – Ақтөбе сайлау округі;
4) Ескі Шу ауылдық округі шекарасының аумағында – Ескі Шу сайлау округтері құрылсын.
Комиссия төрағасы С.Жангарашев
Комиссия хатшысы С.Снабеков