Шу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына және Шу аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №02 «Шу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шу аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 17 (он жеті) округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Шу аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Шу аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Шу Өңірі-Шуская Долина» аймақтық қоғамдық-саяси газетке орналастырылсын.
- Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға орынбасары Е. Оспанова
Хатшы С. Снабеков