Ағымдағы жылы, облыс әкімінің 08.06.2020 ж. №98 және облыс әкімінің орынбасары Ұ.Жазылбектің 24.08.2020 жылғы №8 хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында, ҚР ҚНжЕ 3.01.-01-2008* сәйкес 5-7 жыл аралығында қажеттілікке сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізуге болатындығын ескере отырып, аудан бойынша 19 елді мекендерде (Көкжиек, Жайсан, Сауытбек, Далақайнар, Бәйдібек, Белбасар, Еңбекші, Жаңажол, Көктөбе, Балуан Шолақ, Жиделі, Шоқпар, Көкқайнар, Мойынқұм, Еңбек, Жиенбет, Абай, Тасөткел және Ақтөбе) оңайландырылған бас жоспар жобасы әзірленіп бітті.
Аталған жобалар облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының техникалық кеңесінде қаралып,қоғамдық талқылау жұмыстары жүргізіліп, Шу аудандық мәслихатының қарауына ұсынылып, Шу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйегіндегі №33-3 шешімімен бекітілді.