ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
2021 жылдың 12 айында Өндіріс ауылдық окургі әкімі аппаратында
21 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге денсаулық сақтау, ветеринария және білім беру саласының қызметтері кіреді («Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру»– 3, «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» – 18 қызмет. )
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 300 халықты қамтылған 10 іс-шара ұйымдастырылды (дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.