ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
2021 жылдың 12 айында Қорағаты ауылдық округі әкімі аппаратында 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Атап айтқанда, сұранысқа ие қызметтерге «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызметтері кіреді («Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»– 7 , «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» – 1 қызмет).
Бұдан басқа, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша халықпен тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 2021 жылы 31 адам қамтылған 1 іс-шара ұйымдастырылды(дөңгелек үстелдер, халықпен кездесулер).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері тұрақты бақылауда.