ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 28 тамызда Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Шу аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шу ауданының Ескі Шу ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы №427, №428 учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Ескі Шу сайлау округі Ескі Шу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1510 азамат енгізілді, олардың 694 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 27, «Барлығына қарсымын» белгісі қойылған жолда - 5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әділханұлы Э. – 249; Балқожа М.А. – 9; Игиликов Б.Т. – 404.
Ескі Шу ауылдық округінің әкімі болып Игиликов Бахыт Тарелович сайланды, 1974 жылы туған, Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округі, Белбасар ауылында клуб меңгерушісі, Белбасар ауылында Достық көшесі, №67 үйде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.
Шу аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 31 тамыздағы шешімімен 2022 жылғы 28 тамызда сайланған Шу ауданының Ескі Шу ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Шу аудандық сайлау комиссиясы