2022 жылдың 1 тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша қысқаша есебі

2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 4093 қызмет көрсетілген, оның ішінде:

-   электронды түрде – 3539 қызмет (86,5 %);

-   қағаз түрінде (баламалы) – 554 (13,5%);

2022 жылдың 3 айында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі және мерзімі бұзылған қызметтер тіркелмеген.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциялары Шу қаласы мен ауылдық округ әкімі аппараттарына және аудан әкімдігінің
7 бөліміне жүктелген.

-Дене шынықтыру және спорт бөлімі

-Жер қатынастары бөлімі

-Сәулет және құрылыс бөлімі

-тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

-жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

-ауыл шаруашылығы бөлімі

-жұмыспен қамту орталығы

        Жергілікті атқарушы органдармен 68 қызмет түрі көрсетіледі, көрсетілетін қызметтердің 90%-і автоматтандырылған.

Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары

Шу қаласы мен 18 ауылдық округ әкімі аппаратында, 9 ауылдық кітапханада цифрландырылған ақпараттық орталықтарда «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары»   (барлығы 2792 қызмет көрсетілді) жұмыс істейді. Бұрыштардың тұрақты жұмыс істеуі, талапқа сәйкестігі зерделеніп тұрады.

Дата публикации
31 марта 2022