ШУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ШУ АУДАНДЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ

ШЕШІМІ

 

Төле би ауылы                                            № 14                             «_29_» 04  _2022ж

 

 

Шу ауданы Алға, Балуан Шолақ  ауылдық округтері

әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шу аудандық сайлау комиссиясы ШЕШІМ   ЕТЕДІ:

 

1.Шу ауданында 2022 жылғы 29 мамырына Алға және Балуан Шолақ ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.

  1. 2022 жылғы 29 мамырына тағайындалған Шу ауданының Алға мен Балуан Шолақ ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім Шу аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық "Шу өңірі" газетінде жариялансын.

 

 

Шу аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                              С.Жангарашев

Дата публикации
29 апреля 2022