Алға ауылдық округі, Алға ауылындағы №1, №2, №3, №4, №5 жаңа көшелерінің тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындарымен өткізілген жиынның №12 ХАТТАМАСЫ

Алға ауылдық округі, Алға ауылындағы №1, №2, №3, №4, №5 жаңа көшелерінің тұрғындары, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындарымен өткізілген жиынның

№12 ХАТТАМАСЫ

Алға ауылы                                                                            27 желтоқсан 2021 жыл

сағат: 10:00

 

Жиын төрағасы: Б.Есбергенов

Жиын хатшысы: Е.Жапсар

Жиналысқа қатысқандар: 116-адам

1) Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны – 5 адам

2) №1 жаңа көше тұрғындарының саны – 18 адам

3) №2 жаңа көше тұрғындарының саны  – 23 адам

4) №3 жаңа көше тұрғындарының саны – 22 адам

5) №4 жаңа көше тұрғындарының саны – 23 адам

6) №5 жаңа көше тұрғындарының саны – 14 адам

7) ауыл тұрғындары – 11 адам, соның ішінде ауыл ақсақалдары, ауыл имамы, мекеме басшылары, мұғалімдер,  шаруа қожалық басшылары, кәсіпкерлер бар.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

Шу ауданы Алға ауылдық округі Алға ауылындағы атау берілмеген №1 жаңа көшесін – Мұстафа Шоқай көшесі, №2 жаңа көшесін – Қажымұқан көшесі, №3 жаңа көшесін – Сағадат Нұрмағанбетов көшесі, №4 жаңа көшесін – Кейкі батыр көшесі, №5 жаңа көшесін –Әбілахат Есбаев көшесі деп атау беру туралы.

Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Б.Есбергенов, А.Әбдіжал, А.Оңғарбаев, Ф.Жанбыршиева, Р.Райсов, Б.Несипбаев, К.Баялиев, Ғ.Мусабеков, А.Рыскулов, О.Байтемиров сөз сөйледі.

Б.Есбергенов: №1 жаңа көшесінен 18 тұрғын, №2 жаңа көшесінен 23 тұрғын, №3 жаңа көшесінен 22 тұрғын, №4 жаңа көшесінен 23 тұрғын, №5 жаңа көшесінен 14 тұрғын, 5 жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындарынан 11 азамат қатысып отыр. Ауылдық округ әкімдігіне тұрғындардын түскен ұсыныста №1 жаңа көшесін – Мұстафа Шоқай көшесі, №2 жаңа көшесін – Қажымұқан көшесі, №3 жаңа көшесін – Сағадат Нұрмағанбетов көшесі, №4 жаңа көшесін – Кейкі батыр көшесі, №5 жаңа көшесін – Әбілахат Есбаев көшесі деп атау беру қажеттігі ұсынылған. 

Өздеріңізге белгілі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1-бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысын басшылыққа ала отырып, сіздердің пікірлеріңіз ескеріліп, көше атауы беріледі. Өңірдегі ұлттық ономастика бағытын дамыту мақсатында жаңа атаулар ұлттық тілдік ерекшеліктер, сондай-ақ географиялық, тарихи әлеуметтік жағдайлар ескеріліп, берілуі тиіс. Осыған орай, көше тұрғындары ұсынған атауларға байланысты әрқайсысыңыз ойларыңызды білдіріңіздер.

А.Әбдіжал: Біздер осы көшенің бойынан жер алған азаматтар №1 жаңа көшеге Мұстафа Шоқай атауын беруді бірауыздан қолдаймыз.

А.Оңғарбаев: Жаңа көшелерге тарихи тұлғалардың есімдері берілгенін өте дұрыс және орынды деп есептеймін. №1 көшеге Алаш қайраткері, көрнекті саяси қайраткер Мұстафа  Шоқай атауы берілуінің болашақ ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.

Ф.Жанбыршиева: №2 жаңа көшеге Қажымұқан есімінің берілуін қолдаймын.

Р.Райсов: Кезегіне сәйкес жер алып үй көтеріп жатқандардың көбі жастар. Көше атауын беруге байланысты бүгінгі жиынымыз өте орынды. Көше атауына Қажымұқан есімінің берілуі тұрғындар үшін зор қуаныш болады деп ойлаймын.

Б.Несипбаев: №3 жаңа көшеге Сағадат Нұрмағанбетов есімінің берілуін қолдаймын.

Р.Райсов: Бүгінгі таңда округ әкімінің көтеріп отырған мәселесі өте орынды №3 жаңа көшеге кеңес одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық Қаһарманы» Сағадат Нұрмағанбетовтың есімінің берілуі лайықты деп ойлаймын. Осындай батырларымыздың есімімен жастардың патриоттық сезімдері оянады.

Ғ.Мұсабеков: №4 жаңа көшеге Кейкі батыр есімінің берілуін қолдаймын.

К.Баялиев:Амангелді ауылында бір көшеге Кейкі батыр есімінің берілуі өте орынды. Ел аузында Тарихи тұлғалардың «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттамалар да бар. Сондықтан №4 жаңа көшеге Кейкі батыр есімінің берілуі өте дұрысақ.

А.Рысқұлов: Көше тұрғыны ретінде күн тәртібіндегі мәселені бүгінгі күннің талаптарына сәйкес өзекті деп санаймын және №5 жаңа көшеге Әбілахат Есбаев есімінің берілуін қолдаймын.

О.Байтемиров: Көше атауын беру үшін ауыл тұрғындарының жалпы жиыналысы өте орынды. Себебі бір ауыздан көше атауына лайықты атау беру де үлкен жауапкершілік. №5 жаңа көшеге қазақ композиторы, бүкілодақтық ән байқауының лауреаты, 240 - қа жуық ән мен романстардың, спектакльдерге музыка жазған Аблахат Есбаевтың есімін беру тұрғындар үшін қуанышты жағдай болады деп ойлаймын.

Б.Есбергенов: Алға ауылдық округінде «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 14-1 бабының 1-тармағы және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай –ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескеру мақсатында ашық дауысқа салды.

Көшелерге атау беру туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.

Алға ауылдық округінің әкімдігі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шу ауданы Алға ауылдық округінің Алға ауылындағы №1 жаңа көшеге – Мұстафа Шоқай, №2 жаңа көшеге – Қажымұқан, №3 жаңа көшеге – Сағадат Нұрмағанбетов, №4 жаңа көшеге – Кейкі батыр, №5 жаңа көшеге – Әбілахат Есбаев атаулары берілсін.
  2. Тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізілсін.

 

Жиын төрағасы                                                        Б.Есбергенов

Жиын хатшысы                                                        Е.Жапсар

Дата публикации
12 января 2022